Команда

Әйгерім Боранбаева

Әйгерім Боранбаева

Деректер модераторы

2008 жылы Әйгерім Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің гуманитарлық ғылымдар саласында бакалавр дәрежесін алды. Қазіргі таңда Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтында (ISSAI) деректер модераторы болып жұмыс істейді.

ISSAI командасына келгенге дейін Әйгерім «Назарбаев орталығы» көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінде және Қазақстан Республикасы президентінің мәдениет орталығында «Мәдени мұра» журналының редакторы болып қызмет атқарды. Қазақ тілінің редакторы ретінде он жылдан астам тәжірибесі бар.