Команда

Горав Могер

Горав Могер

Постдокторант-зерттеуші

Қызығушылығы:

  • Hybrid Mobile Robots
  • Mechatronics
  • Field Robotics

Доктор Гурав Могер – Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) постдокторант-зерттеушісі. Ол Үндістанның Бангалор қаласындағы Ramaiah технологиялық институтында электроника және коммуникациялар инженериясы бойынша бакалавр дәрежесін, Ұлыбританиядағы Бристоль университетінде робототехника инженериясы бойынша магистр дәрежесін алған. Сондай-ақ Назарбаев Университетінде робототехника инженериясы бойынша PhD дәрежесін иеленген.

Оның ғылыми зерттеулері әртүрлі робототехника бағыттарындағы инновациялық жүйелерді әзірлеу мен сынақтан өткізуге бағытталған. Атап айтқанда, гибридті мобильді роботтар, тенсегрити құрылымдары, жұмсақ роботтар, роботтық ұстағыштар мен дрондарды зерттейді. Ол зерттеушілер, инженерлер мен профессорлардан құралған пәнаралық командалармен бірлесіп жұмыс істеп, ғылыми жарияланымдар мен техникалық есептерді дайындауға үлес қосады. Роботтарды жобалау, құрастыру және бағдарламалау саласындағы тәжірибесін аналитикалық ойлау және мәселелерді шешу дағдыларымен ұштастыра отырып, интеллектуалды әрі тұрақты робототехникалық шешімдерді дамытуға бағытталған.

Байланыс үшін:

email: gourav.devappa@nu.edu.kz