Жаңалықтар

cover

25 қараша 2024 ж.

ISSAI-да CEinCI жобасының жыл сайынғы зерттеу семинары өтті

2024 жылдың 21 қарашасында Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) кеңесінде CEinCI жобасының жыл сайынғы ғылыми семинары өтті: Үлкен деректер және ЖИ көмегімен айналмалы экономиканы индекстеу. Бұл жоба құрылыс, деректер ғылымы, тұрақты даму және жасанды интеллект салаларындағы сарапшыларды біріктіре отырып, құрылыс секторына айналмалы экономика принциптерін интеграциялаудың практикалық міндеттерін шешудегі пәнаралық ынтымақтастықтың күшін көрсетеді.

Жоба жетекшісі, азаматтық және экологиялық құрылыс кафедрасының профессоры Ферхат Карака жобаның бүгінгі күнгі жеткен жетістіктеріне тоқталып, жан-жақты шолу жасады. Атап айтқанда, жоба 2023–2024 жылдар аралығының  бірінші тоқсанының журналдарында 4 мақаласын, үздік-10 журналында үш мақаласын  жариялауға, екінші тоқсандағы журналда бір шолу мен төртінші тоқсандағы конференцияда бір баяндамасын жариялауға қол жеткізді.

Жобаның тең жетекшісі және ISSAI-дың негізін қалаушы, профессор Атакан Варол бұл жобаның компьютерлік көру, генеративті ЖИ пен әртүрлі көздерден жиналған деректерді, соның ішінде спутниктік суреттерді, ғимараттың ақпараттық модельдеуін (BIM) және географиялық деректерді кіріктіретін бірегей технологиялық негізін көрсетті.

Ол сондай-ақ 2025 жылға арналған ұзақ мерзімді перспективамен бөлісті: айналмалы  экономика қосымшаларына арналған қазақстандық бірінші коммерциялық құралды әзірлеу.

Жобаның бірлескен жетекшілері, Ғылым және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры Жанна Қапсаламова және ҚБТУ профессоры Әсел Ақжалова жобаның түбегейлі мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған инновациялық әдістемелер мен жүргізіліп жатқан зерттеулерге тоқталды.

Сонымен қатар, зерттеу тобының мүшелері, оның ішінде ғылыми көмекшілер Хамад Хассан Аван және Сакира Олареважа Олагунжа (докторанттар), Диляра Әкімжанова, Аружан Мерекеева және Анель Ғалымжанқызы (магистранттар), Әсем Қалсабаева, Аружан Тәкенмен (бакалавриат студенттері) бірге ҚБТУ профессоры Александр Пак ағымдағы зерттеулер бойынша жаңғыртулармен  бөлісіп және зерттеулердің жаңа бағыттарын енгізді.

Семинар CEinCI жобасының айтарлықтай жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар академиялық орта мен сала қатысушылары арасындағы диалог пен ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.

« of 5 »