Дана Маханова
Бас HR-менеджер
Дана Маханова Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтында (ISSАI) Бас HR-менеджер қызметін атқарады. Ол Берлин техникалық университетінде білім беру саласында магистр дәрежесін алған, сондай-ақ Берлиннің Еркін университетінен (Freie Universitaet Berlin) персоналды басқару бойынша кәсіби даму сертификатын және CIPD Associate дипломын иеленген.
Дана Халықаралық студенттерге арналған Германия Парламенті бағдарламасының түлегі болып табылады. Ол Mercedes Benz Daimler AG және Германия Даму банкіндегі тағылымдамадан өткен. Назарбаев Университетінде HR саласында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.