2024 жылғы 22 қазанында күшіне енді
Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі «Саясат») Қызметтерді пайдалану барысында ISSAI ала алатын барлық ақпаратқа, соның ішінде дербес деректерге қолданылады.
«Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» Жеке мекемесі (Саясат мәтіні бойынша «ISSAI») - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 53 мекенжайы бойынша тіркелген заңды тұлға болып табылады.
2.1. Біз келесі деректер санаттарын жинаймыз:
2.2. Төлемдерді ұйымдастыру үшін Қызмет банктік қызметтермен біріктірілуі мүмкін, олар арқылы банктер Сіздің дербес деректеріңізді (төлем картасының деректері, сіз немесе Қызметті пайдалана отырып төлем транзакциясына қатысатын басқа тұлғалар ұсынған төлем туралы ақпарат) жинайды және өңдейді. ISSAI ақылы қызметтерді көрсету мақсатында бұл деректерге де қол жеткізе алады.
2.3. Барлық деректер тек пайдаланушылардың келісімімен жиналады, бұл келісім Қызметтерді пайдалану арқылы беріледі.
2.4. Қызметтерді пайдалану арқылы Сіз осы Саясатты оқығандығыңызды, түсінгеніңізді және «Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» Жеке мекемесіне Сіздің ақпаратыңызды, соның ішінде дербес деректеріңізді осы Саясатта көрсетілгендей өңдеуге келісім бергеніңізді мойындайсыз. ЕГЕР СІЗ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДЕРЕУ ТОҚТАТУ КЕРЕК.
3.1. Жиналған деректер келесі мақсаттарда өңделуі мүмкін:
4.1. Барлық деректер Қазақстан Республикасында қауіпсіз ортада сақталады және рұқсатсыз кіруден қорғалған.