ISSAI NU
  • Институт туралы
  • Жаңалықтар
  • Зерттеу
    • Ғылыми жобалар
    • ISSAI Github
    • ISSAI Hugging Face
    • ISSAI деректер жиынтығы
    • AI Computing
    • Публикациялар
  • Playground by ISSAI
    • Oylan
    • MangiSoz
    • ISSAI Voice
    • Tilsync
  • ISSAI AI EDU HUB
  • Команда
    • Байқаушы Кеңес
    • ISSAI Alumni
  • ЖЗП
    • 2024
    • 2025
    • 2026
  • Conference on Math and AI
email
email
  • Eng
  • Qaz
  • Rus
  • ISSAI
      • Институт туралы
      • Жаңалықтар
      • Ғылыми жобалар
      • ISSAI Github
      • ISSAI Hugging Face
      • ISSAI деректер жиынтығы
      • AI Computing
      • Публикациялар
      • Playground by ISSAI
      • Oylan
      • MangiSoz
      • ISSAI Voice
      • Tilsync
      • ISSAI AI EDU HUB
      • Команда
      • Байқаушы Кеңес
      • ISSAI Alumni
      • ЖЗП 2024
      • ЖЗП 2025
      • ЖЗП 2026
      • Conference on Math and AI
    ← ISSAI

    2024 жылғы 22 қазанында күшіне енді

    Құпиялылық саясаты

    1. Мақсаты мен қолданылуы

    Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі «Саясат») Қызметтерді пайдалану барысында ISSAI ала алатын барлық ақпаратқа, соның ішінде дербес деректерге қолданылады.

    «Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» Жеке мекемесі (Саясат мәтіні бойынша «ISSAI») - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 53 мекенжайы бойынша тіркелген заңды тұлға болып табылады.

    2. Деректерді жинау

    2.1. Біз келесі деректер санаттарын жинаймыз:

    1. Пайдаланушылар ұсынған дауыстық жазбалар;
    2. Пайдаланушылар жүктеген ақпарат (мәтіндік, аудиофайлдар және басқа деректер);
    3. Тіркелу (жеке есептік жазба жасау) кезінде Сіз ұсынған дербес ақпарат, Сіздің аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, тұрғылықты мекенжайыңыз, электрондық пошта және жасыңыз;
    4. Электрондық деректер (HTTP-тақырыптар, IP мекенжайы, cookie файлдары, веб-маяқтар/пиксель теттері, шолғыш идентификаторы туралы ақпарат, аппараттық және бағдарламалық жасақтама туралы деректер, wi-fi желісі туралы деректер);
    5. Қызметке қол жеткізу күні мен уақыты;
    6. Геолокация ақпараты.

    2.2. Төлемдерді ұйымдастыру үшін Қызмет банктік қызметтермен біріктірілуі мүмкін, олар арқылы банктер Сіздің дербес деректеріңізді (төлем картасының деректері, сіз немесе Қызметті пайдалана отырып төлем транзакциясына қатысатын басқа тұлғалар ұсынған төлем туралы ақпарат) жинайды және өңдейді. ISSAI ақылы қызметтерді көрсету мақсатында бұл деректерге де қол жеткізе алады.

    2.3. Барлық деректер тек пайдаланушылардың келісімімен жиналады, бұл келісім Қызметтерді пайдалану арқылы беріледі.

    2.4. Қызметтерді пайдалану арқылы Сіз осы Саясатты оқығандығыңызды, түсінгеніңізді және «Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» Жеке мекемесіне Сіздің ақпаратыңызды, соның ішінде дербес деректеріңізді осы Саясатта көрсетілгендей өңдеуге келісім бергеніңізді мойындайсыз. ЕГЕР СІЗ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДЕРЕУ ТОҚТАТУ КЕРЕК.

    3. Деректерді пайдалану

    3.1. Жиналған деректер келесі мақсаттарда өңделуі мүмкін:

    1. Қызметтердің жұмысын қамтамасыз ету, өзгерту және жақсарту;
    2. Деректерді талдау және өңдеу, пайдаланушылардың сұрауларына дәлірек нәтижелер беру үшін деректердегі заңдылықтарды іздеу;
    3. Қызметтердің, пайдаланушылардың және ISSAI-дің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету;
    4. ISSAI-дің басқа өнімдерін, қызметтерін және ұсыныстарын жасау және жетілдіру;
    5. Статистикалық деректерді, үлкен деректерді және басқа зерттеулерді жинау, өңдеу және ұсыну;
    6. Қызметтерге, пайдаланушыларға, ISSAI-ге және/немесе үшінші тұлғаларға қауіпсіздік қатерлерін анықтау;
    7. Төлемдерді қабылдауды ұйымдастыру және Қызметтер үшін төлемдерді өңдеу.

    4. Деректерді сақтау

    4.1. Барлық деректер Қазақстан Республикасында қауіпсіз ортада сақталады және рұқсатсыз кіруден қорғалған.

    ISSAI
    53, Қабанбай батыр даңғылы, 1 блогы, Назарбаев Университеті, Астана 010000, Қазақстан
    issai@nu.edu.kz
    +7 (7172) 70-5981
    +7 (7172) 70-6139
    instagram linkedin youtube x
    Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence. Nazarbayev University 2026
    Құпиялылық саясаты · Пайдаланушылық келісімі