Қазақ тілі корпусының демосы



Қазақ тілінің дыбыстық корпусы 335 сағаттық аудиолардан құралған. Бұл аудиолар еліміздің әр түкпіріндені азаматтарымыздың атсалысуымен жиналып, барлығы 154.000 сөйлемдерді онлайн оқу арқылы жинақталды. Аудионы жазушылар қазақ тілінде еркін сөйлей алатыны институт тарапынан тексеруден өткізілді. Біз жинаған Қазақ тілінің корпусы қәзіргі уақытта қазақ тілінің ең үлкен дыбыстық корпусы болып саналады. Бұл корпусты қолдану арқылы қазақ тіліне байланысты түрлі мәселелерді ғылыми-зерттеу аясында және өндірістік салада шешуге мүмкіндік туады деп сенеміз.

Төменде осы корпусқа негізделіп жасалған бағдарлама көрсетілген. Бағдарлама аудионы текстке айналдыра алады. Ол үшін сіз «RECORD» батырмасын басқаннан соң ойыңыздағы сөйлемді кері санақшы нөлді көрсеткенше оқыңыз. 10+ секундтан кейін аудиоңыздың тексті дисплейде («RECORD» батырманың үстінде) көрінеді.

  • «RECORD» батырмасын басқаннан соң ойыңыздағы сөйлемді кері санақшы нөлді көрсеткенше оқыңыз
  • 10+ секундтан кейін аудиоңыздың мәтіні дисплейде («RECORD» батырманың үстінде) көрінеді.

Кейбір браузерлерде аудио жазу технологиясы жоқ болғаннан соң, біздің бағдарламаны пайдалану мүмкін болмайды. Сол себебті сіздер заманауи браузермен және ноутбук немесе үстелдік компьютерді қолдануларыңызды сұраймыз.


Қазақ тілінің дыбыстық корпусы

Yerbolat Khassanov,  Saida Mussakhojayeva,  Almas Mirzakhmetov, Alen Adiyev,  Mukhamet Nurpeiissov and Huseyin Atakan Varol