Проектілер

Қазақ тілі корпусы

Қазақ тілінің дыбыстық корпусы 335 сағаттық аудиолардан құралған. Бұл аудиолар еліміздің әр түкпіріндені азаматтарымыздың атсалысуымен жиналып, барлығы 154.000 сөйлемдерді онлайн оқу арқылы жинақталды. Аудионы жазушылар қазақ тілінде еркін сөйлей алатыны институт тарапынан тексеруден өткізілді. Біз жинаған Қазақ тілінің корпусы қәзіргі уақытта қазақ тілінің ең үлкен дыбыстық корпусы болып саналады. Бұл корпусты қолдану арқылы қазақ тіліне байланысты түрлі мәселелерді ғылыми-зерттеу аясында және өндірістік салада шешуге мүмкіндік туады деп сенеміз.

Егер сіз ISSAI-дың Қазақ тілінің дыбыстық дерекқор базасын коммерциялық мақсаттарда пайдалансаңыз, өнімге немесе қызметіңізге осы мәлімдемені қосыңыз:

Біздің өнімде Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша қол жетімді ISSAI Kazakh speech corpus (https://doi.org/10.48342/nyyn-y551) дерекқор базасы қолданылды.

Егер сіз ISSAI-дың Қазақ тілінің дыбыстық дерекқор базасын зерттеу үшін қолдансаңыз, дәйексөз келтіріңіз:

Khassanov, Y., Mussakhojayeva, S., Mirzakhmetov, A., Adiyev, A., Nurpeiissov,M., Varol, H.A.: A crowdsourced open-source Kazakh speech corpus and initial speech recognition baseline. In: Proceedings of the 16th Conference of the European Chapter of the Association for Computational Linguistics: Main Volume. pp. 697–706. Association for Computational Linguistics, 2021.

Төменде осы корпусқа негізделіп жасалған бағдарлама көрсетілген. Бағдарлама аудионы текстке айналдыра алады. Ол үшін сіз «АУДИОНЫ ЖАЗУ» батырмасын басқаннан соң ойыңыздағы сөйлемді кері санақшы нөлді көрсеткенше оқыңыз. 10+ секундтан кейін аудиоңыздың тексті дисплейде («АУДИОНЫ ЖАЗУ» батырманың үстінде) көрінеді.

  • «АУДИОНЫ ЖАЗУ» батырмасын басқаннан соң ойыңыздағы сөйлемді кері санақшы нөлді көрсеткенше оқыңыз
  • 10+ секундтан кейін аудиоңыздың мәтіні дисплейде («АУДИОНЫ ЖАЗУ» батырманың үстінде) көрінеді.

Кейбір браузерлерде аудио жазу технологиясы жоқ болғаннан соң, біздің бағдарламаны пайдалану мүмкін болмайды. Сол себебті сіздер заманауи браузермен және ноутбук немесе үстелдік компьютерді қолдануларыңызды сұраймыз.

GitHub icon
Powered by GitHub