Жаңалықтар

cover

АЖЖИИ зерттеушілері Қазақ тілі корпусы зерттеу жүргізуде

Siri және Alexa сияқты бағдарламалар қазақ тілінде сөйлегенін
қалайсыз ба? Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен
жасанды интеллект институтының ғалымдары сөз тану, сөз синтезі
және тағыда басқа технологияларын қазақ тілінде қолдану үшін қазақ тіліндегі дауыстық деректерді жинауды бастады.

Бұл технологиялар Siri, Alexa және Cortana сияқты танымал виртуалды ассистенттерде қолданылады. Болашақта осы деректер жиынтығы қазақ тілінде басқа бағдарламалар/қосымшалар жасау үшін пайдаланылатын болады.

Сіз осы жұмысқа көмектесе аласыз. Ол үшін сілтеме бойынша өтіп,
нұсқаулықпен танысып, келісім батырмасын басуыңызды сұраймыз.
Зерттеуде қатысу үшін сізге қазақ тіліндегі сөздерді/сөйлемдерді дауыстап оқу қажет болады:

http://test-test-issai.nu.edu.kz/kk/kzspeechcorpus-consent-kaz/