Жаңалықтар

cover

29 June 2020

Зерттеу жұмыс IEEE Journal of Biomedical and Health Informatics (J-bhi) журналында жариялануға қабылданғанын

Жақында «Желілік стохастикалық эпидемиялық симулятор: өңірлік саясат көмегімен COVID-19 басқару» (Аскат Куздеуов, Дәулет Баймұқашев, Ақнұр Қарабай, Бауыржан Ибрагимов, Алмас Мирзахметов, Мухамет Нұрпейісов, Майкл Льюис және профессор Хусейн Атакан Варол) IEEE Journal of Biomedical and Health Informatics (J-bhi) журналында жариялануға қабылданғанын хабарлауға қуаныштымыз. J-bhi – ол биомедицина және медициналық информатика саласындағы соңғы жетістіктерді сипаттайтын, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар денсаулықпен, денсаулық сақтаумен, өмір және биомедицина туралы ғылымдармен қиылысатын түпнұсқа мақалаларды жариялайтын рецензияланатын журналы.

Бұл жұмыста біз COVID-19 эпидемиялық тәжірибесін ескере отырып, ашық бастапқы коды бар стохастикалық эпидемиялық симуляторды ұсындық. Имитатор оқиғаларды динамикалық және интерактивті үлгілеуді қамтамасыз ету үшін халықтың демографиялық деректерінен және ұтқырлық туралы деректерден бастап өңірлер бойынша денсаулық сақтау ресурстарының әлеуетіне дейін өзгеріп отыратын ақпаратты қамтиды. Біз әкімшілік бірліктер арасындағы тасымалдарды шектеу және эпидемияның қарқындылығы мен географиялық жағдайына байланысты әртүрлі өңірлер үшін әртүрлі стратегияларды қолдану сияқты өңірлік саясаттың әсерін көрсеттік. Нәтижелер имитатор үкіметтік тыйымдар саясаты туралы пікірталасқа қатысушыларды хабардар ету мақсатында саясат нұсқаларының нәтижелерін бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін екенін көрсетті. Мақаланың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады: https://ieeexplore.ieee.org/document/9127137.