Card image cap

Related News

    ISSAI өзінің 1-мерейтойында Қазақ тілі корпусы жобасының көрсетілімін өткізеді

    2020 жылдың 14 қыркүйегінде Назарбаев Университетінің ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) өзінің алғашқы мерейтойын атап өтеді. ISSAI бір жыл бұрын елдің ұлттық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану миссиясымен құрылған.

    Әлемге әсер ектен пандемияға қарамастан, биылғы жыл Қазақстанның бас жасанды интеллект Институты үшін жемісті болды. Мысалы, ISSAI-дің басты ғылыми жетістіктерінің бірі ұлттық саясат пен стратегияларды құруға көмек көрсету мақсатында географиялық деректер мен ҚР халқы санының серпіні негізінде covid-19 компьютерлік модельдеуді құру болды.

    ISSAI мерейтойына орай тағы бір маңызды жетістігі туралы хабарлайды: Қазақ тілі корпусы және Қазақ тілін автоматты түрде тану. 

    Жоба цифрлық әлемде қазақ тілін пайдалануды қолдау, және виртуалды көмекшілер және ақылды үйлер сияқты цифрлық бағдарламалармен пайдаланғанда қазақ тілін танымал ету үшін іске қосылды. 

    Ғалымдар 2000-нан астам адамнан жиналған 300 сағаттан астам тұратын, қазақ тіліндегі ең үлкен дауыстық деректер базасын құрды. Келесі, бұл деректер базасы қазақша сөз тану және синтезі технологияны әзірлеу үшін жасалды.  Мұндай технологияларды Siri және Alexa сияқты виртуалды көмекшілерде, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмектесетін дауыстық және мәтіндік бағдарламаларда қолданады.

    “Бұрын жеткілікті үлкен деректер базасының болмауы цифрлық әлемде қазақ тілін қолдануы кедергі болатын.  Бұл жағдайды жақсарту үшін ISSAI елдің экономикасы мен қоғамына оң әсерін барынша арттыру үшін қазақ тілінде жиналған деректер базасын ашық жоба ретінде барлық зерттеушілер мен цифрлық кәсіпкерлермен бөліседі” – деді ISSAI-дың директоры, профессор Атакан Варол.

    Осы сілтеме арқылы issai.nu.edu.kz/kz-speech-corpus қазақ тілі жиналған деректер базасына қол жеткізуге, сондай-ақ қазақ тілін тану жүйесін тексеруге болады.

    ISSAI ғылыми ұжымы 30-дан астам қазақстандық жас зерттеушілер мен студенттерден тұрады, олар жобаға қолдау көрсеткені және қатысқаны үшін халыққа алғыс білдіреді. ISSAI жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен инновациялардың қозғаушы күші ретінде қызмет етуді және өз білімі мен тәжірибесін бөлісуді жалғастырады.

    Профессор Х. Атакан Варол, ISSAI негізін қалаушы-директор

    Жасанды интеллект негізіндегі дауыстық технологиялар жобасының командасы:

    Профессор Х. Атакан Варол, ISSAI негізін қалаушы-директор

    Ерболат Хасанов, Постдокторант

    Саида Мұсаходжаева, Деректер өңдеуші

    Мұхамет Нұрпейісов, Деректер өңдеуші

    Алмас Мирзахметов, Компьютерлік Инженер

    Ален Адиев, Кіші Ғылыми Қызметкер

    Әйгерім Боранбаева, Қазақ Тілі Маманы

    Дастан Әбілев, Графикалық Дизайнер

    Ербол Абсалямов, Жобаның Техникалық Үйлестірушісі

    Ғибрат Құрманов, Әкімшілік Менеджер

    Құралай Байменова, Аға PR-менеджер