3-ші қарашада ISSAI мүшелері Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі ұйымдастырған онлайн-конференцияға қатысты.
БАӘ Елшілігінің дипломаттары “Креативті Экономика” тақырыптары мен БАӘ Үкіметінің осы саланы ынталандыру жөніндегі шаралары туралы баяндады.
Баяндаманы Экономика, саясат және бұқаралық ақпарат құралдары бөлімінің басшысы Мира Әл Азизи ханым жасады.