2021 жылғы 5 қарашада Ерболат Хасанов пен Құралай Байменова Нұр-сұлтан қаласындағы Sheraton қонақ үйінде өткен қазақ тіліндегі онлайн-контентті жасаушылардың Бесінші Форумына қатысты.
Іс-шара Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігінің бастамасымен және Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай өткізілді.
Осы іс-шара аясында “Астана Хаб” “Қазақ стартаптарының жарысы” атты конкурс ұйымдастырды, онда қазақ тіліндегі стартаптар жүлделі ақша үшін күресіп, 3 минуттық питч-презентациясын өкізді.
Өңірдегі жетекші ЖИ зерттеу институты ретінде ISSAI тобы өздерінің қазақ тіліне арналған ЖИ жобалары туралы таныстыру үшін қонақ спикерлер ретінде шақырылды. ISSAI командасының мүшелері доктор Ерболат Хасанов пен Құралай Байменова “қазақ тілі корпусы” және “қазақ мәтінің аудиоға түрлендіру” жобаларын және демо-нұсқаларын көрсетті. Презентацияға Цифрландыру және әуе кеңістігін дамыту министрі Бағдат Мусин, блогер Әлішер Елікбаев және басқа да көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.
“Бүгін біздің қазақстандық арналар Қазақстанның медиа нарығындағы шетелдік және отандық арналар рейтингінде ТОП-10-ға кіреді. Бұл отандық теледидар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі жылдан жылға артып келе жатқанын көрсетеді”, – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
Айта кету керек, Qazforum биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Оған дәстүрлі түрде сарапшылар, журналистер, редакторлар мен блогерлер қатысады. Бұл жолы 400-ден астам қатысушы қазақ тілді БАҚ-тағы үрдістер туралы айтып беру үшін тіркелді.