Жаңалықтар

cover

21 Желтоқсан 2021

НУ ISSAI Дубайдағы EXPO-2020 көрмесінде «Жасанды Интеллект және Білім беру: Жасанды интеллект саласындағы болашақ мамандарды ғылым мен инновацияға қалай оқыту керек?» панельдік сессиясын ұйымдастырды

2021 жылдың 14 желтоқсанында Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (NU ISSAI) «Жасанды Интеллект және Білім беру: Жасанды интеллект саласындағы болашақ мамандарды ғылым мен инновацияға қалай оқыту керек?”. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында өтті. Сессия онлайн да өткізілді.

Іс-шараның бірінші бөлімінде ISSAI негізін қалаушы-директоры доктор Атакан Варол ISSAI зерттеу жобаларын ұсынып, Институттың деректер ғылымы, ақылды жүйелер және жасанды интеллект саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Презентациядан кейін Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің деканы доктор Василиос Турассис сессия модераторы ретінде пікірталас сессиясын өткізді. Жасанды интеллект (ЖИ) бойынша беделді сарапшылар тобының құрамына Біріккен Араб Әмірліктері Университетінің Ақпараттық технологиялар колледжінің (UAEU) профессоры және деканы доктор Тайеб Знати, G42 компаниясының ЖИ және қолданбалы ғылымдар бөлімінің басшысы доктор Шадаб Хан, Causaly Inc. компаниясының негізін қалаушының бірі және бас техникалық директоры Артур Саудабаев, және «First Heartland Jusan Bank» деректерді талдау және ғылым департаментінің директоры Бауыржан Әубәкір кірді.

Спикерлер ертеңгі ЖИ көсбасшыларына қажет негізгі дағдылар мен білім, ЖИ экожүйесін дамытуға жүйелі көзқарастың маңыздылығы, гуманитарлық дағдыларды игерудің маңыздылығы, сонымен қатар соңғы тенденцияларға сәйукс болу үшін өз білімдерін үнемі бейімдеуге дайын болу туралы айтты.

«Ертеңгі ЖИ көшбасшылары бірлескен шешімдер қабылдау үшін үлкен пәнаралық командалардың, біріккен үлкен командалардың бөлігі болады. Сондықтан әлеуметтік және мінез-құлық дағдылары өте маңызды», -деді доктор Шадаб Хан, – «Біз жаңа интерндерді немесе толық уақытты қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде, техникалық дағдылардан басқа, үйренуге және оқуға келетін мамандарды көргіміз келеді. Оқу бағдарламасының шегінен шығуға қорықпайтын, жұмыс саласына қызығушылық танытатын таланттар қажет».

Доктор Атакан Варол университеттердің жасанды интеллект және робототехника саласындағы академиялық бағдарламаларын үнемі жаңарту керек екендігінің маңыздылығын, сондай-ақ университеттердің баяу өзгеретін консервативті ұйымдар болып табылатындығын атап өтті.

«Университеттердегі оқу материалдары жыл сайын өзгеріп тұру керек, өйткені жасанды интеллект тез өзгеретін технологиялық саласына жатады. Кітаптарда жаңа тақырыптар жоқ, олар тек қана 3-4 ай бұрын өткен конференция материалдарында бар». – деді доктор Варол.

Сонымен қатар, доктор Варол оқытушылар құрамы мен ғылыми-зерттеу факультетінің дилеммасы туралы мәселені көтерді: ол зерттеу университеттерінде пайда болған дихотомия. Жасанды интеллект саласы тез дамып келе жатқандықтан, соңғы оқиғалардан хабардар болудың жалғыз жолы – тек белсенді зерттеулерді жүргізу. Тек сабақ беретін, бірақ зерттеу жүргізбейтін мұғалімдердің білімі бірнеше жылдан кейін ескіреді. Сондықтан доктор Варол бұл мәселенің шешімі ретінде зерттеулерге белсенді қатысатын оқытушылар ұсынатын студенттерге бағытталған жобалық білім беру оқытуды ұсынды.

«Болашақ жасанды интеллект жасаушыларға жасанды интеллект бойынша оқыту жасанды интеллект саласындағы қарқынды зерттеулермен айналысатын жасанды интеллект ғылыми-зерттеу институттарында жүргізілуі керек. Жасанды интеллект ғылыми-зерттеу институттары бар толық ауқымды университеттер болашақта сәтті болады». – деді доктор Варол.

Сонымен қатар, топ баяндамашылар сұрақтар мен жауаптар сессиясына белсенді қатысты, онда қозғалған тақырыптар арасында жасанды интеллект пен технологиялар индустриясындағы гендерлік алшақтық және біржақты жасанды интеллекттің алдын алу болды.

Сессияға әлемнен 400-ден астам тіркелген қатысушылар қатысты.

Сессияның жазбасын мына жерден көруге болады.

« of 8 »