Жаңалықтар

cover

25 ақпан 2022 ж.

Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының Жазғы ғылыми тағылымдама

Назарбаев Университетінің ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) 2022 жазғы ғылыми тағылымдамасы үшін тағылымдамашыларды іздеуде.

ISSAI жасанды интеллект саласына баса назар аудара отырып, Қазақстанның цифрлық ортасында зерттеулер мен инновацияларды дамыту үшін 2019 жылдың қыркүйегінде құрылды.

ISSAI бакалавриат және магистратура студенттерін 2022 жылдың жазында өтетін жазғы ғылыми тағылымдамаға шақырады. Тағылымдамашы деректер өңдеу жөніндегі мамандармен бірге институттың жобалары бойынша жұмыс істейтін болады, және машиналық оқыту, деректер өңдеу алгоритмдері мен жасанды интеллект саласында құнды білім мен дағдыларды ала алады.

Талаптар:

– Python программалау дағдылары

– Машиналық оқыту (Machine Learning) және терең оқыту (Deep Learning) жалпы тұжырымдамаларын білу

– Pytorch, Tensorflow немесе Keras-пен жұмыс істеу тәжірибе (бар болса)

– Computer Vision-мен жұмыс істеу тәжірибе (бар болса)

– Ағылшын тілі (минимум Intermediate деңгейі)

Мерзім:

– Тағылымдама маусым айының ортасында басталады. Бастау күні өзгеруі мүмкін

– Тағылымдаманың ұзақтығы – 2 ай

– Ақы төлемі Назарбаев Университетінің қағидаларында белгіленген шекте білім деңгейі мен біліктілігіне байланысты болады

– Пандемияға байланысты онлайн жұмыс мүмкін.

Үміткерлер өздерінің түйіндемелерін, академиялық табельдерін және олардың дағдылары мен ғылыми қызығушылықтары туралы ілеспе (уәждемелік) хатты issai@nu.edu.kz -ке жіберуі керек.

Өтінімдер 2022 жылдың 31 наурызына дейін қабылданады.

P.S. Бұл тағылымдама негізінен бакалавриат және магистратура студенттеріне бағытталған, бірақ егер сіз бакалавр дәрежесі, магистратура немесе одан жоғары студент болсаңыз және өзіңізді жақсы бағдарламалау маманы, ML/AI зерттеушісі деп санасаңыз, сіз де өтініш бере аласыз.