Жаңалықтар

cover

17 наурыз 2023 ж.

Жазғы ғылыми тағылымдама

ISSAI бакалавриат және магистратура студенттерін 2023 жылдың жазында өтетін жазғы ғылыми тағылымдамаға шақырады. Тағылымдамашы деректер талдау мамандармен бірге институттың жобалары бойынша жұмыс істейді. Машиналық оқыту, деректер өңдеу мен жасанды интеллект туралы құнды білім мен дағдыларды ала алады.

Талаптар:

– Программалау дағдылары (қажет): Python

– Математикалық дағдылар (Математикалық дағдылар (қажет): сызықтық алгебра, ықтималдық және статистика

– Machine Learning дағдылары (бар болса): PyTorch/TensorFlow/Keras, Scikit-learn, Numpy, Pandas, Matplotlib

– Осы бағыттардың бірінде жұмыс тәжірибесі қолайлы, бірақ міндетті емес: Computer Vision, NLP, Speech Recognition, Reinforcement Learning

– Ағылшын тілі (Intermediate деңгейі)

Мерзім:

– Тағылымдама маусым айының ортасында басталады. Бастау күні өзгеруі мүмкін

– Ұзақтығы – 2 ай

– Ақы төлемі Назарбаев Университетінің ережелерінде белгіленген шекте білім деңгейі мен біліктілігіне байланысты болады

Үміткерлер өздерінің түйіндемелерін, академиялық табельдерін және олардың дағдылары мен ғылыми қызығушылықтары туралы ілеспе (уәждемелік) хатты issai@nu.edu.kz -ке жіберуі керек.

Өтінімдер 2023 жылдың 31 наурызына дейін қабылданады.


Биыл біз мектеп оқушылары үшін де бөлек Жазғы ғылыми бағдарламасын ұйымдастырамыз.

Талаптар:

– Программалау немесе деректер талдау саласындағы дағдылар (міндетті емес): Python

– Математикалық дағдылар 

– Ағылшын тілі (Intermediate деңгейі)

Мерзім:

– Тағылымдама маусым айының ортасында басталады. Бастау күні өзгеруі мүмкін

– Ұзақтығы – 2 ай

– Ақы төлемі Назарбаев Университетінің ережелерінде белгіленген шекте білім деңгейі мен біліктілігіне байланысты болады

Үміткерлер өздерінің түйіндемелерін, академиялық табельдерін және олардың дағдылары мен ғылыми қызығушылықтары туралы ілеспе (уәждемелік) хатты ағылшын тілінде issai@nu.edu.kz -ке жіберуі керек.

Өтінімдер 2023 жылдың 15 сәуірге дейін қабылданады.