ISSAI және CITIX академиялық және өндірістік секторлар арасындағы ынтымақтастық әлеуетін зерттеу үшін сәуір айында екі кездесу өткізді. CITIX – қала өмірінің тәжірибесін жақсарту үшін инновациялық шешімдерді жасайтын Қазақстандағы компания. Олар ақпаратты және коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, адамдарға тиісті уақытта және орынды ақпаратты ұсынады.
CITIX-тің қазіргі жобаларының бірі тұрғындарға ауызша ақпарат беру үшін қалада орнатыталтын дауыстық тақталарды әзірлеу. Кездесулер барысында тараптар қазақ тілін дауыстық тақтаға енгізу мәселесін талқылады. ISSAI-дың «Қазақша мәтінді сөйлеуге түрлендіру» және «Қазақша сөйлеу корпусы» технологиялары, сондай-ақ “Түрікше сөйлеу корпусы” жобалары қарастырылды. Тараптар CITIX ISSAI-ге қазақ және түрік тілдерінде сөйлеу модельдерін енгізу мүмкіндік беру үшін қосымша техникалық ақпарат береді деп келісті.