Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының негізін қалаушы, профессор Атакан Варол 3 ақпан күні өткен Digital Almaty 2024 форумы аясында машинаны оқыту бойынша панельдік сессияға қатысты.
Профессор Варол өз сөзін шағын және үлкен деректер ұғымдарын саралаудан, сондай-ақ есептеу қуатын жіктеу түрлерінен бастады. Ол проект назарын Kazakh text-to-speech 2, және ауызша айтылған сөйлемнің мағынасын түсіне алатын Soyle автоматты моделімен таныстырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тілдесе алатын UMAY сандық прототипі сияқты институттың зерттеу жобаларына аудиторияның назарын аудартты.
Профессор Варол Қазақстан үшін үлкен ұлттық тіл модельдерін (LLM) дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Бұл панельдік сессияға басқа да қызықты спикерлердің, соның ішінде халықаралық сарапшы Фуад Аллахвердиев, КПО кен орнын кешенді модельдеу жөніндегі инженер Әмір Доспаев, KPMG Caucasus and Central Asia корпарациясының сатып алу мен қайталама желілерді басқару бойынша бизнес практикасының басшысы Тимур Ахметовпен қоса Zypl.AI стартаптың негізін қалаушысы Азизжона Азими, SmartGas Global компаниясының басшысы Айдар Садырова және Dereknet компаниясының негізін қалаушы Кабдулов Саламат қатысқан болатын.