Жаңалықтар

cover

13 ақпан 2024 ж.

Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі өкілдері ISSAI қонағы болды

13 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі, оның ішінде МТҚБ директорының орынбасары Гульнар Ныгыметова, Елнұр Кеңесали және Александр Вастьянов Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) меймандары болды.

Кездесу Институттың ғылыми жобаларын таныстырумен басталды. Постдокторант Жанат Махатаева Альцгеймер ауруы сияқты есте сақтау қабілеті бұзылған адамдарға көмек көрсету үшін AR негізіндегі ассистивті технологияларды дамытуға жол ашып, жасанды интеллекттіні пайдалана отырып, толықтырылған шындық негізінде адам жадын жақсарту жобасын түсіндіріп берді. Кейінірек, операциялық қызмет жөніндегі директордың орынбасары Ербол Абсалямов Институттың жасанды интеллекттіні қолданудағы зерттеулерімен таныстырып, оның ішінде қазақ тілі, компьютерлік жанар, адамның биометриясын тану және толықтырылған шындық бойынша негізгі зерттеу жобаларын көрсетті.

МТҚБ өкілдігі ISSAI-мен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық таныттып, МТҚБ директорының орынбасары Гульнар Ныгыметова ISSAI негізін қалаушы директоры, профессор Атакан Варолмен жасанды интеллекттіні Парламенттің жұмыс процестеріне қосу ниеттерімен бөлісті.

Кездесу соңында екі тарап алдымен бір нақты тапсырманы қарастыруға келісті. Бұл мәселе үшін МТҚБ техникалық анықтама беріп, ал ISSAI өз кезегінде ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырады.

« of 5 »