Жаңалықтар

cover

14 ақпан 2024 ж.

ISSAI «Ғылыми зерттеулердегі жасанды интеллект (AI): мүмкіндіктер мен тәуекелдер» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысты

14 ақпанда ISSAI деректер талдаушысы Мадина Абдрахманова мен PR координаторы Алия Мухидинова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) ұйымдастырған «Ғылыми зерттеулердегі жасанды интеллект (AI): мүмкіндіктер мен тәуекелдер» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Бұл іс-шара ҚСЗИ Директоры, Тұқымов Еркін мырзаның кіріспе сөзімен басталды. Ол Қазақстанның экономикасы мен қоғамдық өмірінің әрбір саласында жасанды интеллектінің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Тағы бір сөзінде Тұқымов Еркін мырза үкіметтің жасанды интеллектіні дамытудың жолында тәуекелдер мен мүмкіндіктерге де тап болатындығын ескертті.

ISSAI деректер талдаушысы Мадина Абдрахманова өз сөзін Институттың ғылыми жобалары мен жетістіктерін таныстырудан бастады. Ол ISSAI ұжымының дайындаған UMAY, цифрлық адам прототипін көрсетті. Мадина қазақ тіліндегі үлкен тілдік модельмен (LLM) Қазақстанға неліктен өзінің жасанды интеллектісін дамыту керек екендігін түсіндірді. Негізгі мәселелерге цифрлық суверенитетті қорғау, жергілікті мәдениетті сақтау және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылды. Мадина Абдрахманова Қазақстанның өзіндік LLM құру үшін есептеу және қаржы ресурстарының қажеттілігін атап өтті.

Дөңгелек үстелге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ұлттық университеттер (ЕҰУ, АИТУ, КАЗГЮУ), сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы мен білім беру стартаптарының өкілдері қатысты.

Спикерлер ChatGPT қолдану тәжірибесімен және оның жұмыс пен оқу процестеріндегі қолданудағы әсерлерімен бөлісті. Дөңгелек үстел соңында барлық шақырылған қонақтар ынтымақтастыққа қызығушылықтарын білдірді.

« of 5 »