2024 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Цифрландыру министрлігі «Жасанды интеллект тұжырымдамасы» тақырыбында баспасөз брифингін ұйымдастырды. Жасанды интеллект комитетінің төрағасы Ғизат Байтұрсынов, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Рүстем Биғари, Смарт жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, аға деректер талдаушысы Мәдина Әбдірахманова және «НИТ» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дмитрий Мун спикер болып, сөз сөйледі.
Брифинг Ғиззат Байтұрсыновтың баяндамасымен басталды. Байтұрсынов ЖИ әзірлеу және енгізуге қажетті экожүйе мен инфрақұрылымды құру үдерісіндегі негізгі тұстарын ұсынды. Ол ISSAI Kaz-LLM жобасына қазақстандық ғалымдар, «НИТ» АҚ қызметкерлері, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы және Цифрлық үкіметті қолдау орталығы қатысатынын атап өтті.
Брифинг қорытындысы бойынша спикерлер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.