Жаңалықтар

cover

15 тамыз 2024 ж.

ISSAI қызметкерлері Білім беру форумына қатысты

2024 жылдың 15 тамызында Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) қызметкерлері, атап айтқанда, деректер талдаушысы Ақнұр Қарабай және аға деректер талдаушысы, доктор Жанат Махатаева Астана қаласы әкімдігінің  қолдауымен ұйымдастырылған Әдістемелік орталықтың мұғалімдерге арналған білім беру форумына қатысты.

Форум барысында Ақнұр Қарабай тыңдаушыларға институттың ғылыми жобалары мен әзірлемелерін, оның ішінде биометрия, бет-әлпетті тану, табиғи тілді өңдеу, мәтінді дыбысқа аудару технологиясы және Tilmash нейрондық аудармашы машина жобаларын ұсынды. Сондай-ақ Ақнұр білім берудегі жасанды интеллекттің рөлін, оның ішінде үш негізгі бағытты: оқушыларды, мұғалімдерді және білім беру ұйымдарын қолдауға арналған ЖИ-ні талқылады.

Презентацияның бірінші бөлімінде Ақнұр мен Жанат ЖИ саласындағы сауаттылық концепциялары  және этикалық аспектілер  тұжырымдамаларын, сондай-ақ білім беру саласында ЖИ-ні қолдану кезінде туындауы мүмкін қиындықтар мен ұсыныстарды қарастырды.

Тұсаукесердің екінші бөлімінде ғылым докторы Жанат Махатаева білім берудегі ЖИ пен толықтырылған шындықты біріктіру мәселесін талқылады. Ол қазақ тілінде өзара әрекетке түсе алатын  фотореалистикалық Ұмай аватарын көрсетті. Жанат сонымен қатар болашақта білім беру жағдайында ЖИ негізіндегі аватарлардың мүмкіндігін талқылап, аватарға негізделген білім беру жүйесін дамытуға  байланысты мәселелер мен қиындықтарға тоқталды.

« of 4 »