Гауһар Оразбекова
Гранттар үйлестірушісі
Гауһар 2017 жылы Назарбаев Университетін «Математика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен (қосымша бағыты – химия), ал 2019 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша магистр дәрежесімен тәмамдаған. Қазіргі уақытта Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтында гранттық жобаларды үйлестіруші қызметін атқарады.
ISSAI институтына келгенге дейін Назарбаев Университеті Провост кеңсесінің ғылыми зерттеулерді әкімшілендіру бөлімінде ғылыми жобаларды басқару жөніндегі аға менеджер болып жұмыс істеген. Бұл қызметте ғылыми жобалардың бюджетін жоспарлау мен әзірлеуге, жоба әкімшілерінің жұмысын үйлестіруге және консультациялық қолдау көрсетуге жауапты болған.
Бұған дейін Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде ғылыми зерттеулерді әкімшілендіру жөніндегі аға менеджер, гранттық жобаларды басқару жөніндегі менеджер және маман қызметтерін атқарып, ғылыми жобаларды қаржылық жоспарлау мен әкімшілік сүйемелдеуге маманданған. Сондай-ақ «National Laboratory Astana» жеке мекемесінде техник болып жұмыс істеп, аккумуляторларды зерттеу жұмыстарына және халықаралық конференция ұйымдастыруға атсалысқан.
Байланыс үшін:
Телефон: +7 (7172) 70-89-50
Email: gorazbekova@nu.edu.kz
Офис: Nazarbayev University, Блок 1, 3 қабат, Кабинет 1322