Жаңалықтар

cover

7 қазан 2024 ж.

ISSAI-дың негізін қалаушы директоры, профессор Атакан Варол VIII Орталық Азиялық білім беру сапасын қамтамасыз ету халықаралық форумынының панельдік мүшесі болды

2024 жылдың 4 қазанында Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) негізін қалаушы директоры, профессор Атакан Варол Астана IT-университетінде өткен VIII Орталық Азиялық білім беру сапасын қамтамасыз ету халықаралық форумына қатысты. 

INQAAHE, CHEA US, IQA басқарма директоры доктор Ольгун Чичек жүргізген панельдік талқылауда білім беру жүйесі архитектурасының дамуына жасанды интеллекттің қалай әсер ететіні айтылды. Талқылауда білім беру ісінде жасанды интеллектті пайдалану әлеуеті, білім беру ісінде және сапаны қамтамасыз ету ісінде қолданылатын жасанды интеллект алгоритмдері, білім беру процесінде жасанды интеллектті енгізудің қиындықтары, білім беру ісінде құрал ретінде жасанды интеллекттің артықшылықтары мен кемшіліктері, білім беру ісінде жасанды интеллекттің даму перспективалары сияқты маңызды тақырыптар қамтылды. 

Профессор Атакан Варол “Генеративті жасанды интеллект: жоғары білім беру мен сапаға кепілдік беруге әсері” атты баяндама жасады. Доктор Варол генеративті жасанды интеллекттің еңбек нарықтарына ұзақ мерзімді әсерінен бастады. Ол дамып келе жатқан университеттерде оқытушы-профессордың өзгеріп жатқан рөлін талқылады. Оның үстіне, ол генеративті жасанды интеллектпен біріктірілген жұмыс болашағы үшін оқу бағдарламасы мен оқу нәтижелерін өзгерту қажеттігіне тоқталды. Соңында, доктор Варол генеративті жасанды интеллект сауаттылығын бесінші сауаттылық деп атады және студенттерге генеративті жасанды интеллект этикасын, шектеулерін және құралдарын үйретудің маңыздылығына тоқталды. 

Панельді талқылауда сондай-ақ құрметті жоғары білім сарапшыларының терең мазмұнды баяндамалары тыңдалып, Абылқас Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректоры, доктор Сәуле Cағынтаева, Астана IT-университетінің ректоры доктор Асқар Хикметов, Жоғары білім агенттігінің, Академиялық ақпараттық орталықтың (AIC) басшысы, Латвиялық Жоғары білім агенттігінің басшысы Иоланта Силка ханым, Senior Registrar, Гонконгтағы академиялық және кәсіптік біліктілікті аккредиттеу кеңесі (HKCAAVQ) мүшесі Кристина Нг, Астана IT-университетінің креативті индустриялар мектебінің директоры доктор Хван Ха Джин, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының сарапшысы Марина Скиба қатысты. 

« of 5 »