2024 жылғы 8 қарашада Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) өңірлік мекемелермен ынтымақтастық бағдарламасы аясында Ақмола облысындағы университетке барды. Кездесу Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде болды. Атқарушы директор Ербол Абсалямов түрлі факультеттердің ғылыми қызметкерлері, студенттері мен оқытушылары алдында сөз сөйлеп, ISSAI миссиясы мен жетістіктерін егжей-тегжейлі баяндады.Ол NVIDIA DGX-1, 2 және A100 сияқты ЖИ негізіндегі есептеу ресурстарын пайдалануды атап өтіп, бұл ресурстарға қашықтан қол жеткізу процесін түсіндірді және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін атап көрсетті. Ол мысал ретінде DGX-2 қолданылатын табиғи тілді өңдеу және компьютерлік көру саласындағы жобаларды келтіріп, студенттерді 2025 жылғы Жазғы зерттеу бағдарламасына қатысуға шақырды.
Қатысушылар Жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасына, табиғи тілді өңдеу технологияларына, ISSAI-дыңалдын ала дайындалған үлгілері мен кітапханаларына, сондай-ақ ISSAI-ға зерттеу сапарлары мен оқу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Сондай-ақ DGX суперкомпьютерлеріне қол жетімділік пен зерттеуге қажетті жоғары өнімді есептеу жүйелерін өздігінен құрастыру мәселелері талқыланды.
Семинардың соңында табиғи тілді өңдеуге арналған демо-модельдер мен цифрлық аватарлар көрсетілді.Ш.Уалиханов атындағы Университеттің ғылыми жұмыстар және аймақтық байланыстар жөніндегі проректоры Айгүл Жакупова семинарды өткізгені үшін ISSAI-ға алғысын білдіріп, ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін айтты.
ISSAI да өз тарапынан Айгүл Жақыпова ханымға іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысын білдірді және елдегі жасанды интеллект саласындағы ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін дамыту мақсатындаШ.Уәлиханов атындағы университетпен табысты серіктестікке үмітті екенін жеткізді.