Жаңалықтар

cover

15 желтоқсан 2024 ж.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз

ISSAI Қазақстан азаматтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Бұл күн елдің еркіндігін, күшін және даму мен инновацияға бейілділігін әдемі бейнелейді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жас республикадан болашаққа сенімді дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Бүгінгі таңда біздің еліміз жаһандық қоғамдастыққа белсенді кірігіп, Орталық Азиядағы цифрландыру көшбасшыларының біріне айналуда. Болашақтың шешуші технологияларының бірі ретінде жасанды интеллект бұл үдерісте маңызды рөл атқарады.

Біз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа біздің елімізде инновацияларды дамытудағы стратегиялық көзқарасы мен тұрақты қолдауы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. 2024 жылғы 11 желтоқсанда біздің Институт 8 және 70 миллиард параметрлі ISSAI KAZ-LLM қазақ үлкен тілдік моделін қазақстандық қоғамға сәтті таныстырды. ISSAI KAZ-LLM моделі Қазақстан үшін ең өзекті үш тілде, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мазмұн жасауға арналған, түрік тіл тобының өкілі ретінде түрік тілін қосымша қолдайды, тілдік кедергілерді жояды және аз ресурсты тілдер үшін генеративті AI жақсартады. Біз модельдің Қазақстанның мәдени коды мен мұрасын сақтауда және насихаттауда рөл атқаратынын, елдің бірегейлігін көрсететінін атап өтеміз.

Біз жасанды интеллекттің алдағы жылдары Қазақстанның даму драйверіне айналатынына сенімдіміз. ISSAI осы мақсатқа қол жеткізуге өз үлесін қосуға дайын.

Біз барлық ғылыми және әкімшілік серіктестеріміздің, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің ISSAI KAZ-LLM жобасын ақпараттық қолдауы, қосқан үлестері үшін жоғары бағалаймыз және алғысымызды білдіреміз.

Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Елімізге тыныштық, өркендеу және жаңа жетістіктер тілейміз. Әрбір күніміз бізге қуаныш пен жақсы жаңалықтар әкелсін!