Команда

Мамырбек Парахат

Мамырбек Парахат

Деректер талдау сарапшы

Қызығушылығы:

  • Терең оқыту
  • Табиғи тілдерді өңдеу (NLP)
  • Аударма
  • Бағдарламалық инженерия

Мамырбек Парахат 2018 жылы Пекин телекоммуникациялар университетінде электрондық ақпараттық ғылымдар және технологиялар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. 2018-2023 жылдар аралығында Қытай ғылым академиясында бағдарламалық инженер және ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп, бірнеше ғылыми-зерттеу жобаларына қатысқан.

Қазіргі уақытта Мамырбек Назарбаев Университеті жанындағы Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтында деректер аналитигі болып қызмет атқарады. Оның қазіргі ғылыми-зерттеу қызығушылықтары табиғи тілдерді өңдеу, мәтіннен сөйлеуге (TTS), сөйлеуден сөйлеуге аударма және терең оқыту салаларын қамтиды.