Жақсылық Тұрсынбаев
Компьютер инженері
Жақсылық Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтында (ISSAI) компьютер инженері қызметін атқарады.
2008-2012 жылдары ҚазУЭФМТ университетінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры дәрежесін алды. 2012-2014 жылдары ҚазУЭФМТ университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін иеленді.
Жақсылық «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеді. 2018-2020 жылдары «NULITS» жекеменшік мекемесінде IT сүйемелдеу менеджері қызметін атқарды, ал 2020-2021 жылдары «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында ақпараттық қауіпсіздік кеңсесінің менеджері болды. 2021-2024 жылдары Жақсылық Назарбаев университетінде IT жабдықтарын қолдау жөніндегі аға сарапшы қызметінде жұмыс істеді.