Команда

Инара Тусеева

Инара Тусеева

Ғылыми ассистент

Қызығушылығы:

  • Адам мен роботтың өзара әрекеттесуі (HRI)
  • HRI-дағы бағалау әдістері
  • Роботтың бейімделуі

Инара Түсеева Назарбаев Университетінің Инженерия және сандық ғылымдар факультетінде робототехника саласы бойынша докторлық дәрежесін алды. Сондай-ақ, ол 2010 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Компьютерлік жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, ал 2013 жылы Оңтүстік Кореядағы Кёнсан Ұлттық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесіе иеленді.

Қазіргі уақытта Инара Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтында (ISSAI) ғылыми ассистент болып жұмыс істейді. Оның ғылыми қызығушылықтары адам мен роботтың өзара әрекеттесуі (HRI), адамның қабылдауы, HRI-дағы бағалау әдістері, адамның биологиялық сигналдарын анықтау негізінде роботтың қауіпсіздігі мен бейімделуі салаларын қамтиды. ISSAI-да Инара сөйлеу бұзылыстары бар балаларға арналған робототерапия жобасымен айналысады.