Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) Oylan моделін іске қосу арқылы жасанды интеллект саласында үлкен серпіліс жасады.
Oylan – кескіндер мен мәтінді өңдейтін , қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін жұмыс істей алатын қуатты модельі. Бұл көптілділік модельді өте әмбебап етіп, Қазақстанда айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді.
Oylan моделін оқыту үшін, ISSAI зерттеушілері Қазақстан тарихындағы ең үлкен деректер жиынтығын әзірледі. Бұл ауқымды деректер жинағы елдің тілдік, мәдени және экономикалық ерекшеліктеріне мұқият бейімделген 10 миллионнан астам сурет пен 50 миллион сұрақ-жауап жұбын қамтиды. Oylan білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және қаржы сияқты салаларда қолданылуы мүмкін.
Шектеулі есептеу ресурстарына қарамастан, ISSAI командасы Oylan-ды тиімді оқыту үшін инновациялық әдістерді әзірледі. Oylan моделінің мүмкіндіктерін ISSAI-дың арнайы жасалған https://oylan.nu.edu.kz платформасында пилоттық іске қосу арқылы зерттеуге болады, онда интуитивті өзара әрекеттесу үшін дауыстық функция да қолжетімді. Сонымен қатар, әзірлеушілер Oylan функционалын өз шешімдерінде пайдалану үшін API-ге қоса алады.
ISSAI бизнес, инвесторлар және әзірлеушілерді Oylan моделін әрі қарай дамытуға және оның Қазақстанның әртүрлі салаларындағы әлеуетін толық ашуға бірлесе үлес қосуға шақырады.