Біз университет студенттері мен жоғары сынып оқушыларын 2025 жылғы Жазғы зерттеу бағдарламасына қатысу үшін өтінім беруге шақырамыз!
2021 жылдан бастап біз Қазақстан мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды студенттерге арналған Жазғы зерттеу бағдарламасын (SRP) мақтанышпен ұйымдастырып келеміз. Бұл бағдарлама қатысушыларға жасанды интеллект (AI), машиналық оқыту (ML), терең оқыту, деректер алгоритмдері және басқа да байланысты салаларда тәжірибе жинақтауға және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Қатысушылар ISSAI-дың деректер бойынша сарапшылары және зерттеушілерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, бұл озық технологиялар бойынша білімдерін тереңдетуге бірегей мүмкіндік береді.
Биыл біз ақылы қатысу нұсқасын және жоғары академиялық жетістіктері, білімі мен дағдылары бар студенттерге арналған гранттарды ұсынамыз. Стипендиялар Қазақстаннан және басқа елдерден келген университет студенттері мен жоғары сынып оқушыларына конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен, соның ішінде соңғы сұхбаттан сәтті өткен жағдайда беріледі.
Ақылы қатысуды таңдаған студенттер үшін бағдарламаның құны – 2 000 АҚШ доллары.
Іріктеу критерийлері:
– математика және бағдарламалау (Python) дағдылары;
– машиналық оқыту бойынша дағдылар (міндетті емес, бірақ құпталады): PyTorch, TensorFlow, Keras, Scikit-learn, NumPy, Pandas, Matplotlib;
– келесі салалардың бірінде жұмыс тәжірибесі болса жақсы: компьютерлік көру, табиғи тілдерді өңдеу, нығайтылған оқыту;
– ағылшын тілін кемінде Intermediate деңгейінде меңгеру.
Бағдарламаның мерзімі мен ұзақтығы:
– бағдарлама маусым айының басында басталады (нақты күндері аздап өзгеруі мүмкін);
– ұзақтығы: университет студенттері үшін 2 ай, мектеп оқушылары үшін 1 ай.
Қалай өтінім беруге болады?
Бағдарламаға қатысу үшін төмендегі сілтемелер арқылы өтінім формасын толтырып, өз түйіндемеңізді (CV), академиялық үлгерім транскриптін және зерттеу қызығушылықтары мен дағдыларын сипаттайтын мотивациялық хатыңызды жіберуіңіз қажет:
– Университет студенттеріне арналған өтінім формасы:https://forms.gle/qtNcefXRUrUU52Vt7
– Мектеп оқушыларына арналған өтінім формасы:https://forms.gle/YvZ8zyvqkP1eU7iY6
Өтінімдер мұқият қаралғаннан кейін, тек құжаттарды іріктеу кезеңінен сәтті өткен үміткерлер ғана сұхбат кезеңіне шақырылады. Егер сіз сұхбатқа шақыру алмасаңыз, бұл келесі кезеңге өтпегеніңізді білдіреді.
Өтінім беру мерзімі:
Өтінімдер қабылдау ашық және 2025 жылғы 10 наурызда сағат 00:00-де аяқталады.
Қорытынды нәтижелер 2025 жылғы мамыр айының ортасында жарияланады. Бағдарламадағы орын саны шектеулі.
Сұрақтарыңыз болса, келесі электрондық поштаға жазыңыз:issai@nu.edu.kz