20 ақпанда ISSAI бас директоры Құрманов Гибрат Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат оқушыларына сөз сөйледі. Кездесуде ол ISSAI-ың ағымдағы жобалары туралы айтып берді, сондай-ақ төртінші жыл бойы өткізіліп келе жатқан студенттерге арналған жыл сайынғы Ғылыми-зерттеу бағдарламасын (SRP) таныстырды.
Бағдарлама оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, себебі ол институттың зерттеушілерімен және деректер талдау сарапшыларымен жұмыс істеуге, жасанды интеллект саласындағы модельдерді әзірлеуге және робототехника жобаларына қатысуға бірегей мүмкіндік береді.
SRP бастамасы жоғары сынып оқушыларына жоғары технологиялық салаларда практикалық тәжірибе алуға көмектесу арқылы ғылыми ойлауды дамытуға және жастардың зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.