Жаңалықтар

cover

28 Наурыз 2025 ж.

ISSAI ЖИ инновацияларының алдыңғы қатарында: «Атамекенмен» ынтымақтастықты нығайту

Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төрағасы Райымбек Баталовқа өз технологиялық әзірлемелерін таныстырды. Бұл іс-шара Қазақстандағы цифрлық инфрақұрылымды дамыту мақсатында ғылыми орта мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Кездесу барысында ISSAI-дың мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджері Алайдар Әмірсейіт цифрлық технологияларды дамытуға арналған бірқатар жобаларды ұсынды. Олардың қатарында қазақ тіліне бейімделген ISSAI KAZ-LLM тілдік моделі, SoyleApp аударма құралы және мәтін мен кескінді өңдеуді біріктіретін Oylan моделі бар. Аталған шешімдер қазіргі уақытта тәжірибеде қолданылып, заманауи ЖИ технологияларының әлеуетін айқын көрсетуде.

Презентацияда жасанды интеллектіні экономиканың түрлі салаларына интеграциялау және оны коммерциялық мақсатта қолдану мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Ғылыми әзірлемелерді бизнес-процестерге енгізу бағытындағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.

Бұл сапар ISSAI-дың еліміздің цифрлық трансформациясына серпін беретін, озық ЖИ шешімдерін әзірлейтін және енгізетін жетекші орталық ретіндегі маңызды рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді.

« of 4 »