The Times of Central Asia басылымы Назарбаев Университетіндегі Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) Бас директоры, робототехника профессоры және электротехника саласының PhD докторы Хюсеин Атақан Варолмен сұхбаттасты. Сұхбат барысында доктор Варол ISSAI-дың ғылыми бастамалары, Қазақстандағы жасанды интеллекттің рөлі және елдің ЖИ-инновациялар саласындағы көшбасшылық әлеуеті туралы айтты.
TCA: ISSAI институтының миссиясы қандай және ол қандай негізгі бағыттарға басымдық береді?
Варол: ISSAI-дағы біздің басты миссиямыз — ЖИ саласында озық ғылыми зерттеулер жүргізіп, Қазақстанға және бүкіл әлемдік қауымдастыққа пайда әкелетін практикалық әрі маңызды шешімдер әзірлеу. Біз генеративті жасанды интеллекттің ірі модельдеріне, сөйлеуді тануға, компьютерлік көру технологияларына және ЖИ-инфрақұрылымға маманданамыз. Басты мақсатымыз — Қазақстанда тәуелсіз ЖИ мүмкіндіктерін қалыптастырып, сыртқы технологияларға тәуелділікті азайту, сонымен қатар мықты этикалық негізге сүйену. Біздің барлық зерттеулеріміз «Жақсылық үшін ЖИ» және «Қазақстан үшін ЖИ» қағидаттарына сай келеді, бұл олардың жауапкершілікке және қоғамдық пайдаға бағытталғанын қамтамасыз етеді.
Толығырақ The Times of Central Asia сайтынан оқи аласыз.