Бұл зерттеуде алғаш рет Central Asian Food Scenes Dataset деректер жиынтығы ұсынылды — 239 тағам түрі мен 69 000-нан астам аннотацияланған азық-түлік нысаны бар, барлығы 21 306 суретте қамтылған, ауқымды әрі сапалы ресурс. Бұл деректер жиынтығы Орталық, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және Таяу Шығысқатән нақты тамақтану жағдайларын бейнелейді және құрамында бірнеше тағам түрі бар күрделі дастархан көріністеріне басымдық береді. Бұл қазіргі таңда бір ғана тағамды тануға бағытталған деректер жиынтықтарынан едәуір асып түседі.
Зерттеу жұмысы Орталық Азиядағы тамақтануға байланысты аурулардың көбеюіне жауап ретінде жүргізілді. Ол food computing саласындағы маңызды олқылықтың орнын толтырып, шын өмір жағдайларында азық-түлікті тану мен локализациялау бойынша компьютерлік көру әдістерін жетілдіреді. Бұл жетістік цифрлық тамақ күнделіктері, ақылды мейрамханалар және денсаулықты бақылау қосымшалары сияқты салаларда жасанды интеллект құралдарын әзірлеуге берік негіз қалайды.
Толық мақаланы Scientifiс Reports журналынан оқи аласыз.