Жаңалықтар

cover

13 Мамыр 2025 ж.

ISSAI мен Google қазақ тіліндегі жасанды интеллектіні дамыту бойынша ынтымақтастықты қарастыруда

Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) Google компаниясымен бірлесе отырып, Gemma моделін қазақ тіліне бейімдеу бойынша ықтимал ынтымақтастықты қарастыруда. Бұл бастама жасанды интеллект пен тілдік технологияларды дамытуға бағытталған кең ауқымды жұмыстарға өз үлесін қоспақ.

Кездесуге Google тарапынан келесі өкілдер қатысты: Рамеш Чандер (Google-дың MENAT өңіріндегі әзірлеушілер мен стартаптар бойынша басшысы), Давид Островски (әзірлеушілермен байланыс жөніндегі аға бағдарламалар менеджері), Асқар Айтуов (әзірлеушілермен байланыс жөніндегі үйлестіруші) және Ольга Рейс (дамушы нарықтар бойынша үкіметтік байланыстар және мемлекеттік саясат жөніндегі бөлім басшысы).

ISSAI атынан бас директор Атакан Варол, атқарушы директор Ербол Абсалямов, PR менеджер Алия Түсіпова, деректер ғылымы маманы Батыр Арыстанбеков және сыртқы байланыстар жөніндегі аға менеджер Айгерім Сарсенова қатысты.

Талқылау барысында қазақ тіліне арналған жасанды интеллект құралдары мен инфрақұрылымын дамытудағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары қарастырылды. Бұл бастама елдің цифрлық трансформациясы мен технологиялық инновациялар саласындағы ұлттық басымдықтарына сай келеді.

Екі тарап та бірлесіп жұмыс істеу және жергілікті жасанды интеллект әлеуетін дамыту мүмкіндігіне қызығушылық танытты.

« of 3 »