Жаңалықтар

cover

30 мамыр 2025 ж.

Оксфорд университетінің жасанды интеллектіні басқару жөніндегі сарапшысы тілдік инклюзия мәселелерін талқылау үшін ISSAI-ға келді

2025 жылдың 30 мамырында Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) Оксфорд университетіндегі Oxford Martin AI Governance Initiative аға кеңесшісі мырза Сэм Доуссты қарсы алу құрметіне ие болды.

Сапар барысында мырза Доус ISSAI-дың негізін қалаушы және бас директоры профессор Хүсейін Атакан Варолмен мазмұнды әңгіме жүргізді. Үкіметпен байланыс жөніндегі менеджер Алайда́р Әмірсейіт ISSAI миссиясы, ғылыми-зерттеу бағыттары және Қазақстандағы жасанды интеллект экожүйесіне қосқан үлесі туралы таныстырылым жасады.

Кездесу барысында профессор Варол ұлттық ИИ экожүйесін тұрақты және жауапты түрде дамыту үшін ұзақ мерзімді қаржыландыру, тұрақты инфрақұрылым және ИИ егемендігі секілді негіз қалаушы факторлардың маңыздылығын атап өтті. Ол ISSAI-дың жұмысы тек ғылыми мақалалармен шектелмейтінін, қоғам мен елдің стратегиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын нақты ИИ өнімдерін жасаумен айналысатынын баса айтты.

Кездесуде басты талқыланған мәселелердің бірі — ресурсы шектеулі тілдерге, соның ішінде қазақ тіліне арналған ИИ жүйелерін дамыту болды. Профессор Варол интернеттегі ағылшын тіліндегі контент қазақ тіліне қарағанда шамамен 2300 есе көп екенін айтып, бұл жаһандық ИИ модельдерінің қазақ тіліне бейімделуіне айтарлықтай әсер ететінін жеткізді. Бұл теңсіздікті жою мақсатында ISSAI қазақ тіліне бейімделген алғашқы ірі тілдік модель — Kaz-LLM-ды жасап шығарды. Оның мақсаты — цифрлық дәуірде қазақ тілінің және мәдениетінің көрініс табуына жол ашу.

Мырза Доус ISSAI-дың жетістіктеріне, әсіресе шектеулі есептеу ресурстарына қарамастан қазақ тілін ИИ саласында ілгерілетуге деген ұмтылысына жоғары бағасын берді. Ол Қазақстанның геосаяси маңызы, мәдени әртүрлілігі мен дарынды мамандар әлеуетін атап өтіп, бұл факторлар елді этикалық және инклюзивті ИИ дамуының болашақ көшбасшысы ретінде ерекшелендіреді деді.

Сондай-ақ ол ИИ саласында тиімді басқару тетіктерін қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ұлттық басымдықтар мен құндылықтарға сай ИИ егемендігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Бұл сапар инклюзивті және жауапты жасанды интеллект жөніндегі жаһандық диалогты ілгерілету жолындағы маңызды қадам болып табылады және ISSAI-дың Қазақстанның тілдік, мәдени және стратегиялық ерекшеліктерін ескеретін ИИ зерттеулері мен инновацияларын дамытуға деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді.

« of 7 »