Жаңалықтар

cover

9 Маусым 2025 ж.

ISSAI мектеп оқушылары үшін Жазғы Зерттеу Бағдарламасын бастады

9 маусым күні Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) мектеп оқушыларына арналған 2025 жылғы Жазғы зерттеу бағдарламасын (SRP) салтанатты түрде ашты.
Бағдарлама 9 маусым мен 12 шілде аралығында ISSAI-да өтеді және қатысушыларға жасанды интеллект, машиналық оқыту, бағдарламалау және осы салаларға қатысты бағыттар бойынша бірегей білім беру тәжірибесін ұсынады.

Ашылу рәсімінде ISSAI-дың негізін қалаушы және директоры, доктор Атакан Варол шабыттандыратын сөз сөйледі. Доктор Варол қатысушыларды жылы қарсы алып, олардың зерттеу жолына сәттілік тіледі. Атқарушы директор Ербол Абсалямов институттың миссиясы мен жетекші зерттеу бастамаларын таныстырды. Аға PR-менеджер Алия Тусупова бағдарлама туралы толығырақ баяндап, қатысушыларды не күтіп тұрғанын түсіндірді.

Биылғы SRP бағдарламасы екі негізгі бөлімнен тұрады: теория және практика.
ISSAI-дың жетекші деректер ғалымдары келесі тақырыптар бойынша теориялық шеберлік сабақтарын өткізеді: «Тілдік модельдер мен тілдік-визуалды модельдері: оларды қалай бағалау керек?», «Gradio көмегімен генеративті ЖИ-ды жылдам енгізу», «Модельді кванттау: бұл не және оны қалай жасау керек?», «Компьютерлік көру негіздері», «Диффузиялық модельдермен кескін генерациясы, ControlNet және тиімді доқтылау әдістері». Бағдарлама аясында бірінші аптада қарқынды дәрістер өтеді. Одан кейін қатысушылар менторларын және келесі зерттеу бағыттарының бірін таңдайды: Доктор Жанат Махатаева — “Қосымша шындық. Аватарлар”, Доктор Азамат Ешмухаметов — “Робототехника”, MLOps инженер Расул Ермагамбетов —” Python және DevOps”, Зерттеуші Ануар Арыңгазин — “Жетілдірілген ЖИ”. Кіріспе аптасынан кейін оқушылар төрт апта бойы өздері таңдаған ментордың жетекшілігімен ISSAI-дың ағымдағы жобаларымен танысып, өз идеяларын жүзеге асыратын практикалық жұмысқа кіріседі.

Биыл ISSAI еліміздің түкпір-түкпірінен 325 өтінім қабылдады. Қатаң іріктеуден кейін 41 оқушы бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алды. Қатысушылар – BIL, NSPM, NIS, Astana Garden School, Haileybury, Quantum және басқа да қазақстандық мектептерден. Әр қатысушының түйіндемесінде жасанды интеллект саласындағы нақты жобалар, сондай-ақ математика, информатика және робототехника бойынша халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері бар.

Барлық қатысушыларға шабытты, жемісті және қызықты жаз тілейміз!

SRP 2025 жаңалықтарын біздің әлеуметтік желілерімізден бақылаңыз: Instagram, YouTube және LinkedIn.

« of 6 »