2025 жылғы 10 шілдеде Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) мектеп оқушыларына арналған бес апталық 2025 жылғы Жазғы Зерттеу Бағдарламасының (SRP) сәтті аяқталуын атап өтті. Бағдарлама Қазақстанның жетекші мектептерінен 41 талантты оқушыны біріктіріп, оларға жасанды интеллект, бағдарламалау, робототехника және заманауи ғылыми зерттеулер салаларында терең әрі практикалық тәжірибе ұсынды.
Бағдарлама 9 маусымда басталып, екі негізгі компоненттен тұрды: Теория және Практика. Бірінші аптада ISSAI-дың жетекші зерттеушілері тілдік модельдер, компьютерлік көру, генеративті жасанды интеллект және модельдерді оңтайландыру тақырыптары бойынша қарқынды шеберлік сабақтарын өткізді.
Теориялық бөліктен кейін студенттер өздерінің зерттеу бағыттарын таңдап, келесі төрт апта бойы ISSAI ғылыми қызметкерлерінің жетекшілігімен жеке және топтық жобаларда жұмыс істеді. Жобалардың тақырыптары әртүрлі салаларды қамтыды: Робототехника, DevOps, MLOps, Аватарлар, LLM модельдері және сөйлеуді тану жүйелері.
Барлық жобалар жоғары деңгейде дайындалып, қатысушылардың күнделікті еңбегі мен тәлімгерлердің белсенді қолдауын көрсетті. Жобалардың қатарында:
ISSAIBek және Plazma Voice Cloning: KazLLM базасындағы чат-бот, Whisper, Gemini, GPT-4o, ElevenLabs және Telegram API интеграциясымен, сондай-ақ орыс тіліне арналған F5 TTS және Whisper транскрипциясы негізінде дауыс синтезі жүйесі.
Тәлімгер: Ануар Арынгазин
Қатысушылар: Аманжан Мағжан, Элазрак Марва, Қасымхан Жанібек, Хатыб Мәриям, Омарбеков Дәурен, Сабыр Айым, Саржігітов Алпамыс, Сәрсекей Қабылда, Советхан Шыңғыс, Тайжанов Нұрбек, Терлікбай Әліхан, Елеуов Расұл, Ерланұлы Әділет, Ерденов Батыр.
Small LLM Explorations: Тәлімгер: Владимир Альбрехт
Қатысушылар: Санжар Сариев, Ақылжан Сайланбай
Continuum Robot: Аз инвазивті хирургияда қолдануға арналған шағын, троспен басқарылатын және шаговый моторлармен жұмыс істейтін робот.
Тәлімгерлер: д-р Азамат Ешмұхаметов, Ерсайын Бушанов
Қатысушылар: Құдайбергенова Лейла, Абду Нурхат, Байсарт Назар, Тлеуғазы Жанібек, Камила Еспаева, Саят Қазтуғанов, Абылай Әмен.
In-Pipe Robot: Құбырларды өндірістік тексеруге арналған автономды робот-прототип.
Тәлімгерлер: д-р Азамат Ешмұхаметов, Диас Акимбай
Қатысушылар: Таренов Карим, Сартаев Санжар, Нұғиева Малика, Алғожа Анар
Сызықтық жетектердегі оңалту платформасы: Арнайы қажеттіліктері бар балалардың моторикасын және когнитивті дағдыларын дамыту құрылғысы.
Тәлімгерлер: д-р Азамат Ешмұхаметов, Рамазан Жылқайдаров
Қатысушылар: Мерейлі Байсариева, Данияр Жинсіұлы
Avatars: Тәлімгер: д-р Жанат Макатаева
Қатысушылар: Асыл Сағидолла, Әділ Ерген, Жансая Жанабай, Томирис Тұңғат, Виктория Демко
SafeEyes: Тәлімгер: Расул Ермағамбет
Қатысушылар: Сара Сайранова, Сұлтанбек Сары, Әлішер Рүстемов
SRP social media: Тәлімгер: Расул Ермағамбет
Қатысушылар: Алжан Нұрғалиев, Аслан Нұралы, Нұғиева Малика, Сәрсенбек Ілияс
Позитивті контентке арналған веб-қосымша: Теріс немесе токсикалық посттарды автоматты түрде өшіретін веб-қосымша. Тәлімгер: Расул Ермағамбет
Қатысушылар: Камила Кишкашбаева, Алғожа Анар, Александр Ершов, Алдияр Жатақбаев
Бағдарлама барысында қатысушылар тек техникалық және зерттеу дағдыларын дамытып қана қоймай, сонымен қатар soft skills — командада жұмыс істеу, жобаларын таныстыру және ғылыми ортада қарым-қатынас орнату қабілеттерін жетілдірді.
Барлық қатысушылар бағдарламаны сәтті аяқтағаны жөнінде сертификаттар алып, осы уақыт аралығындағы табандылығы мен дамуын растады.
Сонымен қатар, мақтанышпен айтамыз, SRP бағдарламасының қатысушылары Батыр Ерденов, Сұлтанбек Сары және Жанібек Қасымхан Ұлттық Жасанды Интеллект Олимпиадасының жеңімпаздары атанып, Қытайда өтетін халықаралық кезеңде Қазақстан құрамасына енді.
ISSAI ұйымдастырған SRP бағдарламасы Қазақстанда жасанды интеллект саласындағы болашақ зерттеушілер мен жаңашылдарды тәрбиелеуге арналған бірегей платформа болып қала береді. Биылғы жазда оқушылар тек студент емес, нағыз зерттеушілерге айналып, аймақтың технологиялық болашағына ықпал ететін озық идеялар және құралдармен жұмыс істеді.