Жаңалықтар

cover

3 Шілде 2025 ж.

KazLLM ChatGPT-ке балама бола ала ма? Қазақстанның ұлттық тілдік моделі және цифрлық егемендік мәселесі

Forbes Қазақстан Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) қызметі туралы мақала дайындады. Материалда институттың негізін қалаушы және бас директоры доктор Хусейн Атақан Варол мен атқарушы директор Ербол Абсалямовтың пікірлері келтірілген.

2024 жылдың соңында Қазақстан алғаш рет өз ұлттық тілдік моделін — KazLLM-ді ұсынды. Бұл модель қазақ тілінде мәтіндерді түсініп, генерациялауға қабілетті. Жоба ISSAI мен бірқатар мемлекеттік ұйымдардың бірлескен еңбегінің нәтижесі болды.

«Генеративті жасанды интеллект бүкіл әлемде қарқынды дамып жатқан қазіргі кезеңде Қазақстан үшін өзінің тілдік, мәдени және ақпараттық ерекшеліктерін ескеретін іргелі модель құру аса маңызды болды», — деп түсіндірді ISSAI бас директоры доктор Хусейн Атақан Варол.

Бұл модель қалай жасалды? Оны кімдер пайдаланады? Ол ChatGPT-ге балама бола ала ма? Осы және өзге де сұрақтарға доктор Варол мен оның әріптесі Ербол Абсалямов Forbes Kazakhstan-ға берген сұхбатында жауап берді.

Мақаланың толық нұсқасын сілтеме арқылы оқуға болады.