2025 жылғы 28 тамызда ISSAI-дың мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджер Әлайдар Әмірсейіт ISSAI-дің жасанды интеллект және оның киберқауіпсіздік, цифрландыру және инфрақұрылым салаларындағы қолданылуы бойынша өкілі ретінде «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Экономика, цифрландыру және инновациялық даму жөніндегі Республикалық кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыс барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру мәселелері, атап айтқанда бірыңғай төлем құжаттарын енгізу және көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушыларын сертификаттау жүйесі талқыланды.
ISSAI қазақстандық азаматтардың өмір сапасын арттыру мақсатында негізгі экономикалық және әлеуметтік салаларды цифрландыру арқылы мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты маңызды деп санайды және осындай талқылауларға белсенді қатысуды жалғастыру ниетін білдіреді.