2024 жылдың 22 шілдесінде Жетілдірілген робототехника және мехатроника (ARMS) зертханасының меңгерушісі, Smart жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) постдокторанты Азамат Ешмұхаметов KOICA ұйымы мен Қазақстандағы Корея елшілігі ұйымдастырған іс-шараға шақырылды.
Доктор Азамат Ешмұхаметов робототехника саласындағы жасанды интеллект тақырыбында баяндама жасады. Ол кескінді танудағы ЖИ-нің практикалық қолданулары мен математикадағы, деректерді,сигналдарды өңдеу мен динамикадағы мүмкіндіктерін талқылап, жасанды интеллект бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Ұйымдастырушылар сонымен қатар өз саласында табысты істері бар басқа өнеркәсіп салаларынан спикерлерді шақырды.
Іс-шара Қазақстан жастарымен байланыс орнату және жаңа технологиялар туралы біліммен алмасу үшін тамаша алаң болды.