Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) салалық аналитика мен қолданбалы шешімдерге маманданған қазақстандық ұйым — «Energy» талдау орталығының (EXia) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Орталық «Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (KAZENERGY) және AppStream ЖШС тарапынан құрылған. Ол энергетика секторында аналитикалық зерттеулер жүргізу және цифрлық әрі жасанды интеллект шешімдерін енгізу платформасы ретінде жұмыс істейді.
Кездесу барысында жасанды интеллект саласындағы өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары, соның ішінде қолданбалы жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Тараптар ISSAI-дің ғылыми сараптамасын салалық практикалық міндеттермен ұштастыруға бағытталған ынтымақтастық форматтарын қарастырды.
Кездесуге ISSAI тарапынан Ербол Абсалямов, Амина Байкенова, Айгерім Сәрсенова, Алайдар Әмірсейіт және Аспандияр Нұриманов қатысты.
«Energy» талдау орталығы атынан Данияр Насипов, Алихан Байдусенов, Денис Корсунов, Тимур Әбдібеков, Мұхтар Бейсенов және Айдана Шарипбай қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қолданбалы жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін одан әрі талқылауға дайын екендерін растады.