Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) Финляндиядағы Aalto университетінің студенті Гүлназ Шинтемированы Аға Data Scientist Аскат Куздеуовтың жетекшілігімен өткен тағылымдамасын сәтті аяқтауымен құттықтайды.
Тағылымдама барысында Гүлназ жасанды интеллект технологияларымен жұмыс істеу бойынша практикалық тәжірибе жинақтап, бағдарламалау дағдыларын нақты AI жобаларында қолдануға мүмкіндік алды.
Тағылымбадағы тәжірибесімен бөлісе отырып, Гүлназ былай деп атап өтті:
«ISSAI-дегі тәжірибем мен үшін мүлдем жаңа әрі ерекше болды. Мен алғаш рет жасанды интеллект моделінің қандай да бір түрімен жұмыс істедім және бағдарламалауға деген жаңадан пайда болған қызығушылығымды осы салада қолдану мүмкіндігі мен үшін өте қызықты болды. Жалпы, ISSAI-дағы тағылымдамам маған өте ұнады. Менің жетекшім Аскат өте түсіністікпен қарайтын, шыдамды әрі тамаша ұстаз болды. Осы мүмкіндік үшін алғысым шексіз».
ISSAI студенттерге зерттеу және кәсіби тұрғыдан дамуға мүмкіндік беретін мазмұнды тағылымдамалар мен жобалар ұсынуға ұмтылады. Біз студенттердің жасанды интеллект саласында практикалық дағдыларын жетілдіріп, болашақтағы AI мамандарының жаңа буынын қалыптастыруға өз үлесін қосуына жағдай жасаймыз.
Гүлназға алдағы оқуында және кәсіби жолында зор табыс тілейміз!