ISSAI Азия, Еуропа және Америка Құрама Штаттарының үлгілерін ескере отырып, жасанды интеллект саласындағы ұлттық әлеуетті дамытуға бағытталған.
Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) жасанды интеллект зерттеулеріне баса назар аудара отырып, Қазақстанның цифрлық саласындағы зерттеулер мен инновациялардың драйвері ретінде 2019 жылдың қыркүйегінде құрылды.
Назарбаев Университетінің Block 1 ғимаратында орналасқан ISSAI өнеркәсіп пен қоғамның нақты мәселелерін шешу үшін машиналық интеллект бойынша пәнаралық зерттеулер жүргізеді.