Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) ғалымдары өздері әзірлеген жаңа тәсілді пайдаланып, халықты жаппай тестілеу және КОВИД-19 жұқтырған адамдарды бақылайтын арнайы мобильді қосымша әдістерін бірлесіп қолдану эпидемияны эффективті түрде бәсеңдетіп, қатал шектеулерді еңгізбеуге мүмкіндік береді.
Зерттеуде ғалымдар өздері ойлап тапқан жаңа тәсіл – бөлшектерге негізделген ковид-19 симуляторын қолданды. Онда адамдар 2Dкартасында ұсақ бөлшектер түрінде көрсетіледі. Сонымен қатар адамдардың орналасқан жері, қозғалу жылдамдығы, және инфекциялану деңгейі ескеріледі. Оған қоса КОВИД-19 жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды анықтау үшін мобильді қосымшаны пайдалану үлесі және КОВИД-19 тестілеуден өткен адамдардың үлесі сияқты міндетті факторлар ескере алынған.
![](http://test-test-issai.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2020/12/Screen-Shot-2020-12-21-at-5.39.53-PM-1-1024x565.png)
Өз зерттеулерінде ғалымдар Италиядағы инфекцияның эпицентрі болған Ломбардия аймағындағы Лекко провинциясының нақты мәліметтерін пайдаланды. Инфекцияның таралу сценарийлерін модельдеу барысында ғалымдар жоғарыда аталған екі шараны – жұқтырған адамдардың байланысын бақылау және халықты жаппай тестілеуді бірлесе қолдану ауру мен өлім-жітімді едәуір төмендетуге көмектесетінін екенін анықтады.
![](http://test-test-issai.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2020/12/Screen-Shot-2020-12-21-at-5.40.29-PM-1-1024x573.png)
Модель КОВИД-19 жұқтырған және жұқтырмаған адамдарды әртүрлі түспен белгілеп, халықтың КОВИД-19 жұқтырған және жұқтырмаған бөліктерін кішкентай бөлшектер түрінде көрсетеді. Адамдар эпидемиялық жағдайларына (денсаулық жағдайларына) байланысты әртүрлі санаттарға бөлінеді. Бұл, өз кезегінде, 2D картасында КОВИД-19 жұқтырған және сау азаматтардың көлемін, әрбір эпидемиялық жағдайдағы адамдардың санын, инфекцияның таралу жылдамдығын анықтауға, сондай-ақ қабылданған шаралардың тиімділігін түсінуге көмектеседі.
Нәтижелер график түрінде де ұсынылуы мүмкін.