Жаңалықтар

cover

Ауқымды тестілеу мен жұқтырғандардын байлыныстарын анықтау эпидемияны бәсеңдетудің эффективті тәсілі – ISSAI ғалымдарының жаңа жетістігі.

Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) ғалымдары өздері әзірлеген жаңа тәсілді пайдаланып, халықты жаппай тестілеу және КОВИД-19 жұқтырған адамдарды бақылайтын арнайы мобильді қосымша әдістерін бірлесіп қолдану эпидемияны эффективті түрде бәсеңдетіп, қатал шектеулерді еңгізбеуге мүмкіндік береді.  

Зерттеуде ғалымдар өздері ойлап тапқан жаңа тәсіл – бөлшектерге негізделген ковид-19 симуляторын қолданды. Онда адамдар 2Dкартасында ұсақ бөлшектер түрінде көрсетіледі. Сонымен қатар адамдардың орналасқан жері, қозғалу жылдамдығы, және инфекциялану деңгейі ескеріледі. Оған қоса КОВИД-19 жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды анықтау үшін мобильді қосымшаны пайдалану үлесі және КОВИД-19 тестілеуден өткен адамдардың үлесі сияқты міндетті факторлар ескере алынған.

Өз зерттеулерінде ғалымдар Италиядағы инфекцияның эпицентрі болған Ломбардия аймағындағы Лекко провинциясының нақты мәліметтерін пайдаланды. Инфекцияның таралу сценарийлерін модельдеу барысында ғалымдар жоғарыда аталған екі шараны – жұқтырған адамдардың байланысын бақылау және халықты жаппай тестілеуді бірлесе қолдану ауру мен өлім-жітімді едәуір төмендетуге көмектесетінін екенін анықтады. 

Модель КОВИД-19 жұқтырған және жұқтырмаған адамдарды әртүрлі түспен белгілеп, халықтың КОВИД-19  жұқтырған және жұқтырмаған бөліктерін кішкентай бөлшектер түрінде көрсетеді. Адамдар эпидемиялық жағдайларына (денсаулық жағдайларына) байланысты әртүрлі санаттарға бөлінеді. Бұл, өз кезегінде, 2D картасында КОВИД-19 жұқтырған және сау азаматтардың көлемін, әрбір эпидемиялық жағдайдағы адамдардың санын, инфекцияның таралу жылдамдығын анықтауға, сондай-ақ қабылданған шаралардың тиімділігін түсінуге көмектеседі.

Нәтижелер график түрінде де ұсынылуы мүмкін.