22 маусымда ISSAI деректер талдаушысы Ақнұр Қарабай төртінші еуропалық Жерорта теңізі жобалау және құрылыс конференциясында (EURO-MED-SEC-4) Ақнұр Қарабай, Раушан Өтемұратова, Дичуан Чжан, Хусейн Атакан Варолдың авторлығымен әзірленген «Терең оқытуды қолдану арқылы серпімді темірбетонды бағандарды жобалаудағы көміртегі ізін оңтайландыру» атты зерттеу жұмысын ұсынды.
EURO-MED-SEC-ті жыл сайын Халықаралық инженерлер және құрылыс инженерлері қоғамы (ISEC) ұйымдастырады. EURO-MED-SEC-4 бүгінгі күнде ISEC қауымдастығының ең табысты EURO-MED конференцияларының біріне айналды. Барлығы 128 ғылыми мақала жарияланды.
Биылғы конференцияның тақырыбы – инженерлік жобалау және құрылыс саласындағы заманауи материалдар мен технологиялар. Конференция гибридтік форматта өтті. Конференцияның негізгі баяндамашылары Брешия университетінің құрылымдық инженерия профессоры доктор Джованни А.Плисари, Брешия, Италия және Дрезден техникалық университетінің профессоры, Дрезден, Германия, доктор Майкл Калиске болды.
Мақала Proceedings of International Structural Engineering and Construction журналында жарияланған. Сондай-ақ GitHub сайтында сілтеме бар.