Жаңалықтар

cover

10 қараша 2023 ж.

Ынтымақтастыққа қатысты келіп түскен сұрау салулар туралы өтініш

ISSAI-ды толыққанды зерттеу институтына айналдыруға қатысты Digital Bridge 2023 Халықаралық форумы барысында ел Президентінің мәлімдемесінің бір бөлігі болу біз үшін үлкен мәртебе. Осы хабарландыруды жасанды интеллект негізіндегі өнімдер, қызметтер және технологиялар арқылы Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуға ниетті түрлі мемлекеттік және жеке ұйымдар мен стартаптар үлкен ынтамен қарсы алды. Атап айтқанда, ISSAI-ға көптеген беделді ұйымдар хабарласып отыр, олардың ішінде Қорғаныс министрлігі, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Бас прокуратура, Bilimland, Қазақстандағы Coursera (BMG UpSkill), AstanaHub, G42 (Presight AI), Eurasia Blockchain eXchange, Tai Group (Қытай), Simple Code, Ghalam Space, KEGOC, NVIDIA, Yessen & Company, Invat.kz, Flexy Data, Тіл Қазына, Назарбаев Зияткерлік мектебі (білім беру бағдарламалары орталығы), Президент Іс Басқармасының Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, “PMI Қазақстандық бөлімшесі” қоғамдық бірлестігі, Tunkz студиясы, Қазақстан TV, Ел Арна TV, Tengrinews, Kursiv.kz, the Tech Internet Media, Цифрлық экономиканы дамыту орталығы мен кейбір жергілікті және халықаралық университеттер, т.б.

Біз Қазақстанда және басқа да өңірлерде қызығушылық танытқан тараптармен өзара ынтымақтастық пен қарым-қатынас орнатамыз деген үміттеміз. Алайда, қазіргі уақытта ISSAI-да тек 9 штаттық қызметкер (директордың орынбасары, әкімшілік маман, 2 компьютерлік инженер және 5 деректер сарапшысы) және қарапайым есептеу ресурстары (4 NVIDIA DGX сервері) бар. Институттың көптеген ұйымдармен өзара байланыс орнату мүмкіндігі жоқ, сондай-ақ сан түрлі бірлескен жобаларға қатысу үшін техникалық персонал мен есептеу ресурстары жетіспейді. ISSAI жоғары тұрған органдарға трансформация жобасын алдын ала ұсынды және қазіргі таңда осы трансформация бойынша одан әрі түсіндірулер мен нұсқаулар күтілуде. Егер және қашан бұл өзгеріс орын алса, біз институтта арнайы ЖИ қолданбалы зерттеулер бөлімін құруды жоспарлап отырмыз. Бұл бөлім сыртқы қызығушылық білдірген ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады және оның мақсаты — елдегі әлеуметтік, экономикалық әрі технологиялық импульсті барынша арттыру болады. Қазіргі уақытта ISSAI Назарбаев Университеті мен Қазақстан табысты жарияланымдар арқылы көрсетілген жасанды интеллект саласындағы үздік зерттеулерін жүргізуі үшін академиялық зерттеулерге назарын бағыттауды жалғастырады. ISSAI өзінің деректер жиынтығы мен модельдеріне ашық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, экономика мен қоғамға әсер етуді жалғастырады.