2026 жылғы 30 қаңтарда Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) Unitree Robotics компаниясының өкілдерін қабылдады. Делегация құрамында Unitree Robotics компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша директоры және компанияның алғашқы негізгі мүшелерінің бірі Сяоли Чэнь, аймақтық менеджер Би Чуньюэ, KERNEU Group директоры және Unitree Robotics ресми өкілі Нурдаулет Досмагамбетов, сондай-ақ Робототехника және инженерлік дамуды қолдау қоры «USTEM FOUNDATION» басшысы Асылбек Мырзахмет болды.
Сапар барысында ISSAI-дың сыртқы байланыстар жөніндегі аға менеджері Айгерім Сарсенова институттың ағымдағы жұмыстары мен негізгі зерттеу бағыттарын таныстырды. Алдыңғы қатарлы робототехника және мехатроника зертханасының жетекшісі, PhD докторы Азамат Ешмұхаметов және ғылыми ассистент Гурав Могер зертхананың жобалары мен робототехника мен интеллектуалды жүйелер саласындағы мүмкіндіктерін таныстырды.
Сапарға келген делегация Human-Robot Interaction Lab (Адам мен робот арасындағы өзара әрекеттесу зертханасы) жұмысына да ерекше қызығушылық танытты. Бұл зертхана адамға бағытталған зерттеулер жүргізіп, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге арналған жобалармен айналысады, оның ішінде тіл тану, аутизмге арналған терапия және білім беруді жетілдіретін технологиялар бар.
Талқылау барысында ірі тілдік модельдердің (LLM) алдыңғы қатарлы робототехника жүйелерін дамытудағы маңыздылығы атап өтілді. Қонақтар ISSAI және Назарбаев Университетіндегі зерттеулерге үлкен қызығушылық білдірді.
ISSAI-дің атқарушы директоры Ербол Абсалямов институт халықаралық ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті. Делегация Назарбаев Университетіндегі зерттеулердің ауқымы мен сапасына тәнті болып, ықтимал бағыттарын қарастыруға қызығушылық танытты.